preloder

Лизинг

Лизинг дегеніміз не?

Лизинг – бір тарап (лизинг беруші) оны екінші тарапқа (лизинг алушыға) жалға беру мақсатында мүлікті сатып алатын келісімшарттың түрі. Дәстүрлі несиелік сызбада, егер ұйымға қандай да бір мүлікті сатып алу қажет болса, онда ол банкке өтініш жасап, несие алады және өзіне қажет нәрсені сатып алады. Лизингтік сызбада кәсіпорын мамандандырылған лизингтік компанияға өтініш жасайды, бұл компания арнайы сол кәсіпорын үшін талап етілген мүлікті сатып алып, оны ұзақ мерзімге жалға береді – кейде лизинг затының түпкілікті тозғанына дейін. Ұйым жалға алудың барлық мерзімі біткенше лизингтік компанияға келісілген төлемдерді төлеп отырады, ал келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті қалдық құны бойынша сатып ала алады.

  • Лизинг – бір тарап (лизинг беруші) оны екінші тарапқа (лизинг алушыға) жалға беру мақсатында мүлікті сатып алатын келісімшарттың түрі. Дәстүрлі несиелік сызбада, егер ұйымға қандай да бір мүлікті сатып алу қажет болса, онда ол банкке өтініш жасап, несие алады және өзіне қажет нәрсені сатып алады. Лизингтік сызбада кәсіпорын мамандандырылған лизингтік компанияға өтініш жасайды, бұл компания арнайы сол кәсіпорын үшін талап етілген мүлікті сатып алып, оны ұзақ мерзімге жалға береді – кейде лизинг затының түпкілікті тозғанына дейін. Ұйым жалға алудың барлық мерзімі біткенше лизингтік компанияға келісілген төлемдерді төлеп отырады, ал келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті қалдық құны бойынша сатып ала алады.

    • Лизинг алушылар негізгі қорларды айналым капиталынан ақшалай қаражаттарды алмай-ақ, иелену және/немесе жаңарту мүмкіндігіне ие
    • тұрақты кепілзаттық қамтамасыз етусіз қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігі
    • Лизинг бойынша сыйақылар шегеріске жатады, сол арқылы салық салынатын табыс азайтылады
    • Пайдаланудың алғашқы жылы лизинг алушы салықтық амортизациялық аударымдарды амортизацияның екі еселік нормалары бойынша есептеуге және осылайша салық салынатын табыстың мөлшерін азайтуға құқылы
    • Серіктес сақтандыру компанияларында жеке шарттар бойынша сақтандыру
    • ForteLeasing қызметкерлерінің мәміле жасауға толық қолдау көрсетуі (келісімшартты рәсімдеуге, кедендік рәсімдеуге, жеткізушіні таңдауда, тіркеуге қоюға және т.б. көмектесу.)
  • Лизинг Несие
    Алыну мақсаты Негізгі капитал қажеттілігіне Негізгі капитал қажеттілігіне
    Кепілзаттық қамтамасыз ету Сатып алынатын лизинг заты Негізгі құралдарды беру
    Қаржыландыру мерзімі Ұзақ мерзімдік Ұзақ мерзімдік
    Сыйақы мөлшерлемесі 16-17% жылдық 16-18% жылдық
    Қолданудың оңтайлы жағдайлары Негізгі құралдарды жаңарту үшін қаржыландырудың қажеттілігі Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қажеттілігі
    Өтемпұл Өтемпұл жарнасының сомасын есептеу арнайы арттыру коэффицентін қолдану арқылы жүргізіледі (3-тен жоғары емес). Өтемпұл жарнасының сомасын есептеу арттыру коэффицентін қолданбай жүргізіледі
    Мүлік салығы Өтемпұлға арнайы арттыру коэффицентін қолдануды есепке ала отырып есептелген қалдық құнның мөлшеріне есептеледі Өтемпұлға арнайы арттыру коэффицентін қолдануды есепке алмай есептелген қалдық құн мөлшеріне есептеледі
    Ай сайынғы жарнаға салынатын салық Лизингтік төлем сомасы табыс салығы бойынша салық салынатын негізді азайтып, өзіндік құнына толық көлемдеқатысты болады Несие бойынша негізгі қарызды төлеу сомасы өзіндік құнға тікелей қатысты болмайды және компанияның қаржысынан төленеді. Несие бойынша пайыздарды төлеу сомасы өзіндік құнға толық көлемде емес, тек шекті мөлшерлемеге сәйкес есептелген бөлікте ғана қатысты болады.