\"БӨЛІП ТӨЛЕУ\" бағдарламасы

Бизнеске қойылатын талаптар:12 айдан кем емес әрекет етудегі бизнес. Немесе Кредиторға қолайлы қосымша кепілзаттық қамтамасыз ету ұсынылатын қайта құрылған компания: корпоративтік немесе жеке кепілдік, не нарықтық құны қаржыландыру сомасының 50%-н құрайтын өтімді кепілзаттық қамтамасыз ету, не депозит, не жоғарыда аталғандардың бірнешеуі.
Клиенттің / Кепілгердің қаржылық жағдайы:

Қаржыландыруға дейінгі 12 айдан кем емес уақыт ішінде тұрақты;

Қаржыландыру мерзімінің ішіндегі нақты, және де болжанатын таза кіріс лизинг төлемінен және басқа да міндеттемелер бойынша төлемдерден асып түседі;

Нақты және болжамды ақша ағындары қаржыландырудың барлық мерзімі бойында тұрақты. Немесе қаржылық жағдайы аталған талаптарға сай болатын Кепілгердің болуы.