Құрметті клиенттер.
Бірінші кредиттік бюро «Біздің шотымыздан есеп» атты әлеуметтік акцияны бастады: 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап жылдың аяғына дейін БКБ барлық қазақстандықтарға Дербес кредиттік есеп, Корпоративтік кредиттік есеп, Кредит тарихын бақылау, Дербес кредиттік рейтингті ақысыз ұсынады.
Пайдаланушы БКБ қызмет көрсетуін онлайн режимінде де, оффлайн режимінде де кез-келген жерден ала алады. Бірқатар қызмет көрсетулер үшін жеке бас куәлік пен ЭСҚ қажет емес.
БКБ есебінен қызметтерді қалай және қандай жолдар арқылы алуға болатынын 1cb.kz сайтынан біле аласыздар. Кейбңр онлайн-көздер бета-тестілеу сатысында.
БКБ акциясы аясында келесі қызмет көрсетулер ұсынылады:
- Дербес кредиттік есеп – жеке тұлғаның кредиттік тарихы туралы ақпарат
- Дербес кредиттік рейтинг – кредиттік тарихы негізінде есептелетін жеке тұлғаның жиынтық рейтингі
- Кредиттік тарихын бақылау – кредиттік тарихындағы өзгерістер туралы хабардар ететін қызметке жазылу
- Корпоративтік кредиттік есеп – заңды тұлғаның кредиттік тарихы туралы ақпарат
- Unlim – 31.12.2020ж. дейінгі мерзімде кредиттік есепті лимитсіз алу сервисіне жазылу
Аталған акция әлеуметтік мәртебе бойынша жіктемей, Қазақстанның барлық азаматтары үшін әлеуметтік қолдау көрсету аясында, қазақстандықтардың назарын өзінің кредиттік тарихына аудару мақсатында бастау алды. Бұл акция қазіргі уақытта мемлекет тарапынан нақты дәрежелер есебіндегі тұлғалардың несиелерін жабу, сондай-ақ өсімдері мен айыппұлдарын есептен шығару бойынша үрдістерді өткізген қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады.
Анықтама телефондары: +7 (727) 300-01-50, —56, —62, —86
Whatsapp, Telegram +7 (708) 971-39-34