Өткен күні, уақыты және орны – 17.05.2017 ж. сағат 17:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74-ші үй.
Күн тәртібіне енген мәселелер:
1. Директорлар кеңесінің Төрағасын сайлау туралы.
2. Директорлар кеңесінің Төрағасы орнында жоқ болған жағдайда оның орнын басуға құқығы бар тұлғаны сайлау туралы.
3. Директорлар кеңесінің комитеттері туралы.
4. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ-ның 2016 жылдағы қызметі бойынша есептеме туралы.
5. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ-ның Лизингілік мәмілелерді қаржыландыру жөніндегі нұсқамасын бекіту туралы.
6. Оған қатысты мүдделілік бар мәміле жасасу туралы.
7. Оған қатысты мүдделілік бар мәміле жасасу туралы.
8. Қоғамның 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту туралы.
9. Қоғамның 2016 жылдағы таза табысын үлестіру тәртібі туралы, Қоғамның бір жай акциясына есептелген дивидендтің мөлшері туралы.
10. Қоғамның 2017 жылғы және 2017 жылдағы қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
11. Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгіністері және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
12. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2016 жылдағы сыйақысының мөлшері және құрамы туралы.
ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР:
1. Осы шешім қабылданған сәттен бастап, Әуэзов Мағжана Мұратович Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайлансын.
2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап, Лозовая Рубина Даутовна Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы орнында жоқ болған жағдайда оның орнын басуға құқығы бар тұлға болып сайлансын.
3.1. Осы шешім қабылданған күннен бастап, келесі Директорлар кеңесінің Комитеттері таратылсын: Стратегиялық жоспарлау комитеті, Кадрлар мен сыйақылар жөніндегі комитет, Ішкі аудит комитеті, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет.
3.2. Осы шешім қабылданған күннен бастап, «Темiрлизинг» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2012 жылғы 12 қазандағы № 10 отырыс хаттамасы) Директорлар кеңесінің Комитеттері туралы Ереженің қолданылуы доғарылсын.
3.3. Қоғамның Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, ішкі аудит, кадрлар, сыйақылар мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті құрылсын.
3.4. …
3.5. Қоғамның Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, ішкі аудит, кадрлар, сыйақылар мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің мүшелері болып Әуезов М.М., Лозовая Р.Д. және Утеулов А.К. сайлансын.
3.6. Утеулов А.К. Қоғамның Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, ішкі аудит, кадрлар, сыйақылар мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы болып сайлансын.
4. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ-ның 2016 жылдағы қызметі туралы есептеме мәліметке қабылдансын.
5.1. Оны осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап қолданысқа енгізумен, «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ-ның Лизингілік мәмілелерді қаржыландыру жөніндегі нұсқамасы бекітілсін.
5.2. Осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап, Қоғамның Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 06 наурыздағы шешімімен бекітілген (№ 19 отырыс хаттамасы) «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ-ның Лизингілік операцияларға инвестициялау жөніндегі нұсқамасы күшін жоғалтқан болып саналсын).
6. Қоғамның Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/70 мекенжайы бойынша ғимараттың 3-ші қабатында орналасқан ауданы 47 шаршы метр үй-жайды (№ 334 кабинет) (бұдан әрі – Жалға алынатын үй-жай) Жалға алынатын үй-жайды пайдалану үшін 141 000 (бір жүз қырық бір мың) теңге, соның ішінде ҚҚС (1 шр.м. үшін 3000 теңге есеппен) ай сайынғы жалгерлік ақы төлей отырып, 2017 жылғы 15 сәуірден 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге жалға алу шарты түрінде Қоғамның үлестес тұлғасы – «Prime HortiSolutions» (Прайм ХортиСолюшнс) ЖШС-мен оған қатысты мүдделілік бар мәміле жасауы мақұлдансын.
7. Қоғамның осы хаттамаға қосымшаға сәйкес, ҚҚС есепке алғанда, сақталатын техниканың бір бірлігі үшін айына 1000 (бір мың) теңге төлеу шарттарында бір жыл мерзімге техниканы сақтау шарты түрінде «ОУСА Альянс» ЖШС-мен (Қоғамның үлестес тұлғасымен) оған қатысты мүдделілік бар мәміле жасауы мақұлдансын.
8.1. Қоса беріліп отырған Қоғамның 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы жылдық қаржылық есептілігі алдын ала бекітілсін.
8.2. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына «Қоғамның 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы» мәселені қарастыру кезінде келесі шешім қабылдауға ұсыныстама берілсін: «Қоса беріліп отырған Қоғамның 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін».
9. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына «Қоғамның 2016 жылдағы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту туралы, Қоғамның бір жай акциясына есептелген дивидендтің мөлшері туралы» мәселені қарастыру кезінде келесі шешім қабылдауға ұсыныстама берілсін: «Қоғамда 2016 жылда таза табыстың жоқ болуына байланысты, Қоғамның 2016 жылдағы таза табысын үлестіру тәртібі бекітілмесін, Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданбасын және Қоғамның бір жай акциясына есептелген дивидендтің мөлшері бекітілмесін».
10.1. Қоғамның 2017 жылғы және 2017 жылдағы қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС анықталуы алдын ала мақұлдансын.
10.2. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына «Қоғамның 2017 жылғы және 2017 жылдағы қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын Қоғамның аудиторлық ұйымын анықтау туралы» мәселені қарастыру кезінде келесі шешім қабылдауға ұсыныстама берілсін: «Қоғамның 2017 жылғы және 2017 жылдағы қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС анықталсын».
11.1. 2016 жылдың барысында Қоғам акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгіністерін алмағаны туралы ақпарат мәліметке қабылдансын.
11.2. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына «Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгіністері және оларды қарастыру қорытындылары туралы» мәселені қарастыру кезінде келесі шешім қабылдауға ұсыныстама берілсін: «2016 жылдың барысында Қоғам акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгіністерін алмағаны туралы ақпарат мәліметке қабылдансын».
12.1. Қоса беріліп отырған Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2016 жылдағы сыйақысының мөлшері және құрамы туралы ақпарат мәліметке қабылдансын.
12.2. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына «Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2016 жылдағы сыйақысының мөлшері және құрамы туралы» мәселені қарастыру кезінде келесі шешім қабылдауға ұсыныстама берілсін: «Қоғамның Директорлар кеңесі Төрағасының Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2016 жылдағы сыйақысының мөлшері және құрамы туралы қоса беріліп отырған ақпараты мәліметке қабылдансын».
ӨЗГЕ ШЕШІМДЕР:
Жоқ.
Жан-жақты ақпарат алу үшін келесі мекен-жайға хабарласуды өтінеміз: Алматы қ., Абай даңғылы 68/74. Телефон: +7 (727) 2505-760, 2505-761