Курс иностранных валют

9 декабря 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

Жылдық жалпы Акционерлер жиналысының 30.05.2017 жылғы № 03/2017 Хаттамасына сәйкес корпоративтік уақиға туралы

Жылдық жалпы Акционерлер жиналысының өткен күні, уақыты және орны – 30.05.2017 ж. сағат 09:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74-ші үй.

Күн тәртібіне енген мәселелер:

1. Қоғамның 2016 жыл бойынша жылдық қаржы есептемесін бекіту жөнінде.
2. Қоғамның 2016 жыл бойынша таза табысын бөлу тәртібін бекіту, Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері жөнінде.
3. 2017 жылда және 2017 жыл бойынша қаржы есептемесі аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.
4. Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдануы және  оларды қарау қорытындылары туралы.
5. Қоғамның Директорлар кеңесі және Басқарма мүшелеріне 2016 жылдағы сыйақы құрамы мен мөлшері туралы.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР:

1. Қоғамның 2016 жылдың 31 желтоқсанында біткен жыл бойынша жылдық қаржылық есеп-қисабы бекітілсін.
2. Қоғамның 2016 жыл бойынша таза табысы болмағанына байланысты, Қоғамның 2016 жыл бойынша таза табысын бөлу тәртібі бекітілмесін, Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылданбасын және Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері бекітілмесін.
3. «Эрнст энд Янг» ЖШС-н 2017 жылда және жыл бойынша Қоғамның қаржылық есеп-қисабының аудитын жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде анықталсын.
4. 2016 жылы акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгіністері және оларды қарастыру қорытындылары туралы.
5. 2016 жылы Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақысының мөлшері және құрамы туралы ақпаратты назарға алу.

ӨЗГЕ ШЕШІМДЕР:

Жоқ.

Жан-жақты ақпарат алу үшін келесі мекен-жайға хабарласуды өтінеміз: Алматы қ., Абай даңғылы 68/74. Телефон: +7 (727) 2505-760, 2505-761