«ForteLeasing» (Форте Лизинг) АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
«ForteLeasing» (ФортеЛизинг) акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) (Қоғамның Басқармасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74) өзінің акционерлерін Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) өткізілетіні туралы хабарландырады.
Жиналыс 2018 жылғы 04 қазанда Алматы уақыты бойынша сағат 09.00-де келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74, 4ші қабат, Қоғамның конференц-залы.
Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте қатысу нысанында өткізіледі.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2018 жылғы 4 қазанда Алматы уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап жиналыстың өткізілетін орны бойынша жүзеге асырылады.
Кворум жоқ болған жағдайда, екінші қайтара жиналыс 2018 жылғы 5 қазанда Алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74, 4ші қабат, Қоғамның конференц-залы.
Екінші қайтара жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2017 жылғы 5 қазанда Алматы уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап жиналыстың өткізілетін орны бойынша жүзеге асырылады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2018 жылғы 24 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 00.00-ге қарай жағдай бойынша жасалады.
Жиналыстың күн тәртібі
1. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қайта сайлау туралы.
Жиналыс материалдарымен акционерлер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мерзімдерде және тәртіпте келесі мекенжай бойынша таныса алады: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74.
Анықтамаларға арналған телефон: +7 727 344 02 97