Курс иностранных валют

4 марта 2026

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

Жаңа жабдық — жеңілдікті шарттармен: ForteLeasing «Өрлеу-лизингті» ашады

Жаңа жабдық — жеңілдікті шарттармен: ForteLeasing «Өрлеу-лизингті» ашады

ForteLeasing АҚ «Даму» Қорымен бірлесіп жеңілдікті лизингтің жаңа бағдарламасы — «Өрлеу – лизинг»бойынша өтінімдерді қабылдауды ашады.
Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі саласындағы (ЭҚЖЖ, C секциясы) шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өндірістік қуаттарын жаңартуға және заманауи жабдықты айналым қаражатына артық салмақ түсірмей алуға мүмкіндік береді.

Қаржыландырудың негізгі шарттары:
• Сомасы: бір қарыз алушыға 300 млн теңгеге дейін.
• Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 12,6% (барлық мерзімге бекітілген).
• Лизинг мерзімі: 3 жылдан 5 жылға дейін.
• Аванстық төлем: жабдық құнының 10% — дан.
• Қамтамасыз ету: қосымша кепілдіксіз.

Бағдарламаға кім қатыса алады? Сіздің бизнесіңіз шарттарға сәйкес келеді, егер сіз:
1. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектісі және қызмет ету мерзімі кемінде 1 жыл.
2. Өзіңіздің өндірістік қуатыңыз бар.
3. Мерзімі өткен салықтық және өзге берешегі жоқ.

Жабдыққа қойылатын талаптар: Лизинг нысанасы ретінде тек жаңа жабдық қабылданады. Жабдық отандық зауыт-өндірушіден тікелей немесе ресми дилер/дистрибьютор арқылы сатып алынуы тиіс. Міндетті шарт — кемінде 1 жыл кепілдік және сервистік қызмет көрсету.

Кеңес беру үшін байланыс:
• Телефон: +7 727 344-28-88
• E-mail: info@forteleasing.kz