Курс иностранных валют

21 ноября 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

Fitch ForteLeasing рейтингін тұрақты болжаммен «BB-» деңгейінде растады.

Fitch Ratings LTD халықаралық рейтингтік агенттігі «ForteLeasing» АҚ (ForteLeasing) рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BB-» деңгейінде және «A-(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингімен растады. Бұл растау компанияның Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығындағы тұрақтылығы мен сенімділігін айғақтайды.

Международное рейтинговое агентство Fitch Ratings LTD присвоило
ForteLeasing рейтинг на уровне «ВВ-»

Fitch Ratings ForteLeasing-тің шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолт рейтингін «BB-» деңгейінде және ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін «A-(kaz)» деңгейінде растады. Рейтинг болжамы тұрақты болып қалады. Fitch сонымен қатар акционері қолдау рейтингін «BB-» деңгейінде растады.
Рейтингтің расталуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі компания портфелінің өсуі болып табылады. ForteLeasing пандемия және жалғасып жатқан макроэкономикалық қиындықтар жағдайында активтердің тұрақтылығын көрсетті. Жұмыс істемейтін дебиторлық берешек 2023 жылдың бірінші тоқсанының соңында 6,7%-ға дейін төмендеді, бұл 2020 жылдың соңындағы 11%-дан айтарлықтай жақсарды. Соңғы төрт қаржы жылында портфель өсімі орта есеппен шамамен 57%-ды құрады.
Сондай-ақ, Қазақстандағы ең ірі жеке банктердің бірі болып табылатын «ForteBank» АҚ акционерінің қолдауының жоғары ықтималдығын атап өткен жөн. ForteLeasing рейтингтері компаниялар арасындағы интеграцияның жоғары деңгейіне негізделген ForteBank-тің әлеуетті қолдауын ескереді.

«ForteLeasing» АҚ басқарма төрағасы Талап Рахманов біздің рейтингімізді растау үшін портфеліміздің сапалы өсуі және активтерді басқарудағы жақсы нәтижелер маңызды рөл атқарды. Fitch Ratings-тің жоғары рейтингі біздің тұрақты өсімімізді және ForteLeasing-тің елдегі жеке лизингтік компаниялар арасындағы жетекші орнын растайтынын мақтан тұтамыз».