Курс иностранных валют

7 декабря 2022

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

Fitch Ratings LTD халықаралық рейтинг агенттігі ForteLeasing рейтингі «BB-» деңгейінде берілді

Fitch Ratings LTD халықаралық рейтинг агенттігі «ForteLeasing» (ForteLeasing) АҚ -қа «Тұрақты» болжаммен «BB-» рейтингін және «A-( kaz )» Ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін берді.

Рейтингтік агенттік «ForteLeasing» АҚ-ның елдегі жеке лизингтік компаниялар арасындағы жетекші орнын атап өтті. Пандемияға қарамастан активтердің сапасы тұрақты болып қалды. Қаржылық көрсеткіштер мен коэффициенттердің жыл сайынғы өсуінде оң
динамика байқалады. Сонымен қатар, жеке лизингтік компаниялар арасындағы жоғары рейтинг жалғыз акционер – Қазақстандағы ең ірі жеке банктердің бірі болып табылатын «ForteBank» АҚ (FB, BB-/ bb-/Тұрақты) қолдауымен байланысты.

«ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ басқарма төрағасы Т.М. Рахмановтың айтуынша Біз үшін халықаралық рейтингті алу – тұрақты өсім мен сенімділіктің дәлелі. Fitch Ratings портфельдің тазалығын, жоғары өтімділігін және дамуымыздың ұзақ мерзімді перспективасын атап өтті.

Біздің стратегиямыз жеке лизингтік қызметтердің лизинг нарығының үштен бір бөлігін қамту, сондай-ақ лизинг процестерін толық цифрландыру болып табылады.

Компания туралы ақпарат:
«ForteLeasing» АҚ (ForteLeasing) лизингтік қызметтер нарығында 2001 жылдан бері жұмыс істейді. ForteLeasing активтері бойынша Қазақстандағы ірі жеке лизингтік компаниялардың бірі болып табылады (14 млрд. теңгеден астам) және портфель сапасы бойынша жетекші орын алады (NPL деңгейі – 0%) . Жалғыз акционері «ForteBank» АҚ болып табылады және еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істейді. Ол негізінен шағын және орта бизнеспен жұмыс істеуге маманданған экономиканың нақты секторындағы жобаларды қаржыландырады.