Курс иностранных валют

11 октября 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«ForteLeasing» (ФортеЛизинг) акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) (Қоғамның Басқармасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74) өз акционерлерін Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) өткізу туралы хабарландырады.

Жиналыс 2017 жылғы 02 мамырында Алматы уақыты бойынша сағат 09.00-ден бастап мына мекенжай бойынша өткізіледі: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74, 2-ші қабат, Қоғамның конференц-залы.

Жиналыс Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен белгілген тәртіп бойынша өткізіледі.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2017 жылғы 02 мамырында Алматы уақыты бойынша сағат 08.00-ден бастап жиналыстың өткізілетін орны бойынша жүзеге асырылады.

Кворум жиналмаған жағдайда, екінші қайтара жиналыс 2017 жылғы 03 мамырында Алматы уақыты бойынша сағат 09.00-ден бастап мына мекенжай бойынша өткізіледі: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74, 2-ші қабат, Қоғамның конференц-залы.

Екінші қайтара жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2017 жылғы 03 мамырында Алматы уақыты бойынша сағат 08.00-ден бастап оның өткізілетін орны бойынша жүзеге асырылады.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылғы 18 сәуірінде Алматы уақыты бойынша сағат 00.00-ге қарай жағдайы бойынша жасалады.

Жиналыстың күн тәртібі

       «1.   Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттіктер мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақынның мөлшерін белгілеу туралы.».

Жиналыстың материалдарымен Қоғамның акционерлері «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мерзімдерде және тәртіпте мына мекенжай бойынша таныса алады: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74.

* * *

«Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттіктер мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақынның мөлшерін белгілеу туралы» жиналыстың күн тәртібінің мәселесіне сәйкес, Қоғамға Директорлар кеңесіне мүшелікке кандидатураларды ұсынуды сұраймыз.

Қоғамның акционерлері «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес, Қоғамның Директорлар кеңесіне мүшелікке ұсынылатын кандидаттар туралы ақпаратқа төмендегілер кіруге тиіс екенін хабарлаймыз:

1)    тегі, аты, сондай-ақ қалауыңыз бойынша – әкесінің аты;

2)    білімі туралы мәліметтер;

3)    Қоғамға қатысты үлестестігі туралы мәліметтер;

4)    соңғы үш жылда жұмыс істеген орындары мен атқарған қызметтері туралы мәліметтер;

5)    кандидаттың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге ақпарат.

Анықтамаларға арналған телефон: +7 727 258 40 40 (ішкі н. 14009).