Курс иностранных валют

11 октября 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

Директорлар кеңесі Отырысының 08.12.2016 жылғы №38 Хаттамасына сәйкес корпоративтік уақиға туралы

Өткен күні, уақыты және орны – 08.12.2016 ж. сағат 14:30, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74-ші үй.

Күн тәртібіне енген мәселелер:

1. Қоғамның Басқармасының өкілеттігінің мерзімі және Қоғамның Басқарма мүшелерінің ай сайынғы лауазымдық қызметақысының көлемін анықтау туралы.

2. Р.Ф. Борисовтың, Қоғамның Корпоративтік хатшысының өкілеттігінің мерзімі және оның ай сайынғы лауазымдық қызметақысының көлемін анықтау туралы.

3. Қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР:

1. Қоғамның Басқарма Төрағасы Мендигалиев Айбек Самигуллиевичтің және Басқарма Төрағасының орынбасары – Қоғамның Басқармасының мүшесі Абильжанов Ален Канатовичтің тұлғасындағы Қоғамның Басқармасының өкілеттігінің мерзімі 2017 жылдың 10 желтоқсанында аяқталады деп анықталсын…

2. Р.Ф. Борисовтың – Қоғамның Корпоративтік хатшысының өкілеттігінің мерзімін 2017 жылдың 10 желтоқсанына дейін ұзартылсын…

3. 2017 жылғы 01 ақпанда Қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен шақырылсын:

«1. Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттігінің мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне берілетін сыйақының көлемін анықтау туралы.»Көрсетілген жиналыс келесі мекенжай бойынша өткізілсін: Алматы қ., Абай даң., 68/74, 2-ші қабат, Қоғамның конференц-залы.

Көрсетілген жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылғы 16 қаңтарда Алматы уақытымен сағат 00.00-ге дейін жасалсын.

Көрсетілген жиналыс Алматы уақытымен сағат 09.00-ден басталсын.

Көрсетілген жиналыстың қатысушыларын тіркеу 2017 жылғы 01 ақпанда Алматы уақытымен сағат 08.00-ден басталсын.

Көрсетілген жиналыстың кворумы болмаған жағдайда, Қоғамның акционерлерінің қайталама кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылғы 02 ақпанда Алматы уақытымен сағат 09.00-де, өткізілмеген жиналыстың белгіленген орны бойынша, осындай жиналыстың қатысушыларды тіркеуді 2017 жылғы 02 ақпанда Алматы уақытымен сағат 08.00-де бастау арқылы өткізіледі деп белгіленсін.

ӨЗГЕ ШЕШІМДЕР:

Жоқ.

Жан-жақты ақпарат алу үшін келесі мекен-жайға хабарласуды өтінеміз: Алматы қ., Абай даңғылы 68/74. Телефон: +7 (727) 2505-760, 2505-761