Жылдық жалпы Акционерлер жиналысының өткен күні, уақыты және орны – 30.05.2016 ж. сағат 10:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74-ші үй.
Күн тәртібіне енген мәселелер:
- Қоғамның 2015 жыл бойынша жылдық қаржы есептемесін бекіту жөнінде.
- Қоғамның 2015 жыл бойынша таза табысын бөлу тәртібін бекіту, Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері жөнінде.
- 2016 жылда және 2016 жыл бойынша қаржы есептемесі аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.
- Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдануы және оларды қарау қорытындылары туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесі және Басқарма мүшелеріне 2015 жылдағы сыйақы құрамы мен мөлшері туралы.
ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР:
- Қоғамның 2015 жылдың 31 желтоқсанында біткен жыл бойынша жылдық қаржылық есеп-қисабы бекітілсін.
- Қоғамның 2015 жыл бойынша таза табысы бөлінбесін. Қоғамның жай акциялары бойынша 2015 жыл бойынша дивидент төленбесін. Қоғамның таза табысы Қоғамның қарамағында сақталсын.
- «Эрнст энд Янг»» ЖШС-н 2016 жылда және жыл бойынша Қоғамның қаржылық есеп-қисабының аудитын жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде анықталсын.
- Қоғам 2015 жыл ішінде Қоғам акционерінің бірінен Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының іс әрекеттеріне екі шағым алғаны жөнінде ақпаратты назарға алу. Шағымдарды қарастыру нәтижелері бойынша Қоғам аталған акционерге тиісті түсіндірулермен хаттар жолдады, аталған түсіндірулерді алғаннан сон аталған акционер Қоғамға әлде қандай қосымша сауалдар мен наразылықтар жолдамағандықтан, оларды қанағаттанарлық деп санауға болады.
- 2015 жылы Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақысының мөлшері және құрамы туралы ақпаратты назарға алу.
ӨЗГЕ ШЕШІМДЕР:
Жоқ.
Жан-жақты ақпарат алу үшін келесі мекен-жайға хабарласуды өтінеміз: Алматы қ., Абай даңғылы 68/74. Телефон: +7 (727) 2505-760, 2505-761