23.10.2026
Fitch Ratings: ForteLeasing рейтингтері бойынша болжам — «Тұрақты»
Агенттік компанияның капиталдандыру деңгейінің жоғарылығын, кірістілігін және портфель сапасын атап өтті.
2026 жылғы 23 қазанда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі акционерлер құрылымының өзгеруіне байланысты «ForteLeasing» АҚ рейтингтерін қайта қарауды аяқтады. Эмитенттің ұзақмерзімді дефолт рейтингі — «B+», ұлттық шкала бойынша рейтинг — «BBB(kaz)», екі рейтинг бойынша да болжам — «Тұрақты».
Fitch компанияның күшті жақтарын атап өтеді:
- пайдамен қолдау табатын жоғары капиталдандыру;
- жоғары кірістілік: 2022 жыл – 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында таза пайыздық маржа орта есеппен 13% болды;
- портфель сапасы: 2025 жылы портфель 53%-ға өскен кезде проблемалық берешек үлесі 1,3%-дан 0,7%-ға дейін төмендеді;
- ForteBank тарапынан қолдау, оның ішінде 40 млрд ₸ кредиттік желі.
Клиенттер мен серіктестерге сенім білдіргендері үшін алғыс айтамыз.