Курс иностранных валют

29 февраля 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

Көлікті онлайн бақылау

«Фортелизинг» АҚ лизинг нысаналарын бақылаудың онлайн платформасына көшті.

Техниканың жұмыс орнынан шықпай-ақ, көліктің техникалық жағдайын және нақты бақылауын қадағалауға мүмкіндік беретін мобильдік қосымша әзірленді.

Мобильдік қосымшаның механизмін пайдалану оңай. Смартфондар клиенттік құрылғылар ретінде әрекет ете алады. Алдағы мониторинг туралы хабарламаны алғаннан кейін Жалға алушы өтінімге фото-бейне есебін жүктейді. Нәтижесінде сервисті пайдаланушылар нақты уақыт режимінде жабдықтың жағдайы туралы ақпаратқа ие болады. Көлікті онлайн бақылау бүкіл автопарктің жұмысын бақылауға, көліктің техникалық сәйкессіздігін дер кезінде анықтауға, сәйкесінше оларды жою бойынша дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, www.forteleasing.kz сайтында барлық қажетті құжаттарға қол қою үшін кәсіпорыннан шықпай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы, жалға алуға онлайн өтініш беруге болатынын хабарлаймыз.\

Біз үшін басымдық – тұтынушыларымыз үшін сапалы, ыңғайлы, цифрлық қызмет көрсету. Біз тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарыңызға қуана жауап береміз.

Сенімді серіктеспен тиімді лизинг!

Сіздің «Forteleasing» (ForteLeasing) АҚ