Мазмұнға өту
ForteRentalsқұрал-сайман жалға беру
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. 16.11.2026

16.11.2026

Хабарлама: 2026 жылғы 17 желтоқсанда «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді.

2026 жылғы 17 желтоқсанда «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді.

Хабарлама: 2026 жылғы 17 желтоқсанда «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді.

"ForteLeasing" (ФортеЛизинг) акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам), атқарушы органының (Басқармасының) орналасқан жері: Алматы қ., Амангелді көшесі, 59А, тұрғын емес үй-жай 7а, өз акционерлеріне Қоғамның кезектен тыс жалпы акционерлер жиналысының (бұдан әрі – жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлайды. Жиналыс Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша (Директорлар кеңесі отырысының 2026 жылғы 16 қарашадағы №17/26 хаттамасы) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң) 53-бабының 2) тармақшасы және 37-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы негізінде шақырылады.
Жиналыс 2026 жылғы 17 желтоқсанда сағат 10:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Алматы қ., Амангелді көшесі, 59А, тұрғын емес үй-жай 7а, 7-қабат, конференц-зал.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 17 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жиналыс өтетін жерде жүргізіледі.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2026 жылғы 15 желтоқсандағы Астана уақыты бойынша сағат 09:00-дегі жағдай бойынша жасалады.
Кворум болмаған жағдайда қайталама жиналыс 2026 жылғы 18 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де сол мекенжайда және өтпей қалған жиналыстың күн тәртібімен өткізіледі. Қайталама жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 18 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жиналыс өтетін жерде жүргізіледі.

* * *

Жиналыстың күн тәртібі

1.    "ForteBank" АҚ-мен мәміле жасау туралы ("ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ-ның үлестес тұлғасы болып табылатын).

* * *

Жиналыстың күн тәртібіне Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес, жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жиналыс өткізілетін күнге дейін кемінде 10 күн бұрын Қоғам Басқармасының орналасқан жерінде акционерлердің танысуы үшін дайын болады және қолжетімді етіледі.

Қоғам акционерінен тиісті сұрау салу келіп түскен жағдайда, жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Жиналысты өткізуге қатысты қосымша ақпаратты +7 (708) 283 23 52 телефоны арқылы алуға болады.

* * *

Осы арқылы Қоғам акционерлеріне жиналысты өткізудің төмендегі тәртібімен танысуды ұсынамыз.

1.    Жалпы акционерлер жиналысына қатысу үшін келген акционерлерді (акционерлер өкілдерін) тіркеу жиналыс ашылғанға дейін жүргізіледі. Акционерлердің өкілдері жеке басын куәландыратын құжатты және олардың қатысу және дауыс беру өкілеттіктерін растайтын сенімхатты ұсынуға міндетті.

2.    Жалпы жиналысқа күндізгі тәртіппен қатысатын акционерлер (акционерлердің өкілдері) міндетті түрде тіркеуден өтуге тиіс. Тіркеуден өтпеген акционерлер (акционерлердің өкілдері) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.

3.    Жалпы акционерлер жиналысы кворум болған жағдайда жарияланған уақытта ашылады. Жиналыс төраға мен хатшыны сайлайды. Дауыс беру нысаны (ашық немесе жасырын), егер заңнамада және Қоғамның жарғысында өзгеше көзделмесе, жиналыс шешімімен айқындалады.

4.    Жиналыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялануы мүмкін.

5.    Жалпы акционерлер жиналысының хатшысы жалпы акционерлер жиналысының хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауапты болады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 52-бабы 1-тармағына сәйкес, жалпы акционерлер жиналысының хаттамасы жалпы акционерлер жиналысы жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады.

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 35–37, 39–48 және 50–52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Құрал-сайманды жалға алу — ForteRentals
Қоңырау шалу