Fitch халықаралық рейтинг агенттігі ForteLeasing рейтингін «BB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»
«ForteLeasing» АҚ — Қазақстанның жетекші лизинг компаниясы — Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі кредиттік рейтингтерінің расталғанын хабарлайды.
Кезекті рейтингтік шолу қорытындысы бойынша агенттік төмендегі көрсеткіштерді растады:
• эмитент дефолтының шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингтерін (IDR) «BB» деңгейінде, болжам — «Тұрақты»;
• ұзақ мерзімді ұлттық рейтинг «A(kaz)» деңгейінде;
• акционер тарапынан қолдау рейтингін (Shareholder Support Rating) «bb» деңгейінде.
Рейтингті растаудың негізгі факторлары
Fitch агенттігі ForteLeasing-тің Қазақстандағы ірі жеке меншік банктердің бірі — ForteBank-пен операциялық және басқарушылық ықпалдастығының жоғары деңгейін атап өтті. Агенттік компанияның негізгі көрсеткіштерінің тұрақты серпінін тіркеді: активтердің рентабельділігі, таза пайыздық маржа. Активтер сапасы дәйекті түрде жақсарып келеді. лизинг портфелінің орташа жылдық өсімі 47%-ды құрады.
Басшылықтың түсіндірмесі
«ForteLeasing» АҚ Басқарма Төрағасы Т. Рахманов атап өтті:
«Fitch Ratings рейтингін «BB» деңгейінде растауы — біздің бизнес-моделіміздің тиімділігі мен тұрақтылығының маңызды куәлігі. Біз өсу стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып, өнім желісін кеңейтіп, нарықтағы позициямызды нығайтып келеміз. Бұл нәтиже — бүкіл ForteLeasing командасының кәсібилігі мен біздің клиенттеріміздің, серіктестеріміздің және акционеріміздің сенімінің көрінісі».
Компания туралы
«ForteLeasing» АҚ — Қазақстанның лизинг нарығындағы көшбасшылардың бірі. Компания коммерциялық көлік, арнайы техника және жеңіл автомобильдер лизингіне маманданған, сондай-ақ жаңа өнім бағыттарын белсенді түрде дамытуда. ForteLeasing ForteBank тобына кіре отырып, бүкіл ел бойынша клиенттерге сенімді және заманауи лизинг шешімдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
