Курс иностранных валют

29 марта 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

«ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы

«ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74, 2019 жылғы 30 мамырда алматы уақытымен сағат 10.00-ден 10.35 дейін келесі мекенжайда өткен: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74, (4-шi қабат конференц-залы) Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы (бұдан әрі «Жиналыс») дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі мәселелер қаралды және дауыс беру нәтижелері бойынша келесідей шешімдер қабылданды.

***

Күн тәртібінің 1 мәселесі бойынша «Қоғамның 2018 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту туралы»

2018 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған Қоғамның жылдық қаржылық есебі бекітілсін.

***

Күн тәртібінің 2 мәселесі бойынша «Қоғамның 2018 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту, Қоғамның бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы»

Қоғамның 2018 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекітпеу, Қоғамның бір жай акциясына есептегендегі дивиденд төлемеу. Қоғамның 2018 жылғы таза табысының барлығын Қоғамның капиталдандыруына бағытталсын.

***

Күн тәртібінің 3 мәселесі бойынша «2019 жылы және 2019 жылғы қаржы есептілігін аудиттеу жөніндегі аудиторлық ұйымды анықтау туралы»

2019 жылы және 2019 жылғы қаржы есептілігін аудиттеуге «Эрнст энд Янг» ЖШС аудиторлық ұйымы ретінде анықталсын.

***

Күн тәртібінің 4 мәселесі бойынша «Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты жүгінулері және оны қарастырудың нәтижелері туралы»

2018 жылы Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты Акционерлерден қарастыру болмаған туралы ақпарат назарға алынсын.

***

Күн тәртібінің 5 мәселесі бойынша «Директорлар кеңесі мүшелерінің және Қоғам Басқармасының 2018 жылғы сыйақы мөлшері және құрамы туралы»

2018 жылғы Директорлар кеңесі мүшелерінің және Қоғам Басқармасының сыйақы мөлшері және құрамы туралы Директорлар кеңесі Төрағасының ақпараты назарға алынсын.

***

Күн тәртібінің 6 мәселесі бойынша ««ForteLeasing» (ФортеЛизинг) Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту туралы»

  1. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ережесі жаңа редакцияда бекітіліп, осы шешім қабылдаған күннен бастап күшіне енсін.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап, 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «Темiрлизинг» Акционерлік қоғамының акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған (хаттама №2) «Темiрлизинг» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ережесі жарамсыз деп танылсын.

***

Жиналысқа оның өткізілген уақыты бойы ұсынылған Банктің дауыс беруші жай акцияларының жалпы саны – 1 507 706 (жай акциялардың жалпы санының 96,65%).