Курс иностранных валют

24 апреля 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

«ForteLeasing» (Форте Лизинг) АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«ForteLeasing» (ФортеЛизинг) акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) (Қоғамның Басқармасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74) өзінің акционерлерін Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) өткізілетіні туралы хабарландырады.

Жиналыс 2019 жылғы 30 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74, 4ші қабат, Қоғамның конференц-залы.

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте қатысу нысанында өткізіледі.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2019 жылғы 30 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап жиналыстың өткізілетін орны бойынша жүзеге асырылады.

Кворум жоқ болған жағдайда, екінші қайтара жиналыс 2019 жылғы 31 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74, 4ші қабат, Қоғамның конференц-залы. Екінші қайтара жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2019 жылғы 31 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап жиналыстың өткізілетін орны бойынша жүзеге асырылады.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2019 жылғы 16 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 00.00-ге қарай жағдай бойынша жасалады.

Жиналыстың күн тәртібі:

1). Қоғамның 2018 жыл бойынша жылдық қаржы есептемесін бекіту жөнінде;

2). Қоғамның 2018 жыл бойынша таза табысын бөлу тәртібін бекіту, Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері жөнінде;

3). 2019 жылда және 2019 жыл бойынша қаржы есептемесі аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау;

4). Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдануы және  оларды қарау қорытындылары туралы;

5). Қоғамның Директорлар кеңесі және Басқарма мүшелеріне 2018 жылдағы сыйақы құрамы мен мөлшері туралы;

6). «ForteLeasing» (Форте Лизинг) акционерлік қоғамының Директорлар Кеңесі туралы ережені бекіту туралы.

Жиналыс материалдарымен акционерлер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мерзімдерде және тәртіпте келесі мекенжай бойынша таныса алады: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74.

Анықтамаларға арналған телефон: +7 727 344-28-66