Курс иностранных валют

9 декабря 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

Директорлар кеңесі Отырысының 30.03.2017 жылғы №4(з) Хаттамасына сәйкес корпоративтік уақиға туралы

Өткен күні, уақыты және орны – 30.03.2017 ж. сағат 17:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74-ші үй.
Күн тәртібіне енген мәселелер:
1. …
2. Қоғамның меншікті капиталының көлемінің 10 %-нан асатын мәмілені жасасу туралы.
3. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ Кепілдік саясатын жаңа редакциясында бекіту туралы.
4. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ Кредиттік саясатын жаңа редакциясында бекіту туралы.
5. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ Кредиттік Комитеті туралы Ережені жаңа редакциясында бекіту туралы.
6. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ Басқармасы туралы Ережені жаңа редакциясында бекіту туралы.
7. …
8. Қоғамның 2017 жылға арналған бюджеті туралы.
9. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.
ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР:
1. …
2. Жалпы алаңы 1935,7 м2 әкімшілік ғимарат түріндегі, алаңы 0,1858 га (кадастрліқ нөмірі 21-319-013-803) жер телімімен, келесі мекенжада орналасқан: Астана қ., Есенберлин көш., 16/2, Қоғамға тиесілі жылжымайтын мүлікті сатып алушы Курманаева Зауре Абдуллаевнаға (ЖСН 471106400933) келесі бағада: 252 000 000 (екі жүз елу екі миллион) теңге, ҚҚС-ны есепке ала отырып, сату жөніндегі мәміле мақұлдансын.
3.1. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ Кепілдік саясаты жаңа редакциясында бекітілсін және ол осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
3.2. «Темiрлизинг» АҚ-ның 2007 жылғы 02 сәуірде бекітілген Кепілдік саясаты осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап күші жойылды деп танылсын.
4.1. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ Кредиттік саясаты жаңа редакциясында бекітілсін және ол осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
4.2. «Темiрлизинг» АҚ-ның Директорлар кеңесімен 2006 жылғы 17 сәуірде бекітілген (отырыстың хаттамасы № 9) «Темiрлизинг» АҚ-ның Кредиттік саясаты осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап күші жойылды деп танылсын.
5.1. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ Кредиттік Комитеті туралы Ереже жаңа редакциясында бекітілсін және ол осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
5.2. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ-ның Директорлар кеңесімен 2015 жылғы 16 наурызда бекітілген (отырыстың хаттамасы № 19) «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ-ның Кредиттік Комитеті туралы Ереже осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап күші жойылды деп танылсын.
6.1. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ АҚ Басқармасы туралы Ереже жаңа редакциясында бекітілсін және ол осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
6.2. «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ-ның Директорлар кеңесімен 2016 жылғы 06 наурызда бекітілген (отырыстың хаттамасы № 19) «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ-ның Басқармасы туралы Ереже осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап күші жойылды деп танылсын.
7. …
8. Қоғамның 2017 жылға арналған бюджеті бекітілсін.
9. 2017 жылғы 02 мамырда Қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
«1. Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттігінің мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерінің сыйақыларының көлемін анықтау туралы.
2. Көрсетілген жиналысты келесі мекенжай бойынша өткізу: Алматы қ., Абай даң., 68/74, 4-ші қабат, Қоғамның конференц-залы.
Көрсетілген жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылғы 18 сәуірдегі алматы уақытымен сағат 00.00-гі жағдай бойынша жасалсын.
Көрсетілген жиналыс алматы уақытымен сағат 09.00-де басталсын.
Көрсетілген жиналыстың қатысушыларын тіркеу 2017 жылғы 02 мамырда алматы уақытымен сағат 08.00-де басталсын.
Көрсетілген жиналыстың кворумы болмаған жағдайда, Қоғамның акционерлерінің қайталанған кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылғы 03 мамырда алматы уақытымен сағат 09.00-де өтпей қалған жиналыстың белгіленген орнында, осындай жиналыстың қатысушыларын тіркеуді 2017 жылғы 03 мамырда алматы уақытымен 08.00-де бастау арқылы, өткізіледі деп белгіленсін».
ӨЗГЕ ШЕШІМДЕР:
Жоқ.
Жан-жақты ақпарат алу үшін келесі мекен-жайға хабарласуды өтінеміз: Алматы қ., Абай даңғылы 68/74. Телефон: +7 (727) 2505-760, 2505-761