Курс иностранных валют

28 марта 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«ForteLeasing» (ФортеЛизинг) акционерлік қоғамы өз акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу  туралы хабарлайды.
Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2018 жылғы 30 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 09.00-де Алматы қ., Абай д-лы, 68/74, 4-ші қабат, Қоғамның конференц-залында өтеді.
Жиналыс Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен белгілген тәртіп бойынша өткізіледі.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2018 жылғы 30 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 08.00-де жиналыс өтетін жерде жүзеге асырылады.
Кворум болмаған жағдайда, жиналыс 2018 жылғы 31 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 09.00-де Алматы қ., Абай д-лы, 68/74, 4-ші қабат, Қоғамның конференц-залында қайтадан өтетін болады.
Қайталама жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2018 жылғы 31 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 08.00-де жиналыс өтетін жерде жүзеге асырылады.
Жиналысқа қатысуға құқы бар акционерлердің тізімі 2018 жылғы 16 мамырдағы алматы уақытымен сағат 00.00 жағдай бойынша жасалады.

Жиналыстың күн тәртібі
1.    Қоғамның 2017 жыл бойынша жылдық қаржы есептемесін бекіту жөнінде.
2.    Қоғамның 2017 жыл бойынша таза табысын бөлу тәртібін бекіту, Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері жөнінде.
3.    2018 жылда және 2018 жыл бойынша қаржы есептемесі аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.
4.    Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдануы және  оларды қарау қорытындылары туралы.
5.    Қоғамның Директорлар кеңесі және Басқармасы мүшелеріне 2017 жылдағы сыйақы құрамы мен мөлшері туралы.
 
Жиналыс материалдарымен Қоғам акционерлері Алматы қ., Абай д-лы, 68/74 мекен-жайы бойынша, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мерзімде және тәртіпте таныса алады.
Анықтама телефоны: +7 (727) 344-28-82.