Курс иностранных валют

27 апреля 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

Директорлар кеңесі Отырысының 18.04.2017 жылғы №5 Хаттамасына сәйкес корпоративтік уақиға туралы

Өткен күні, уақыты және орны – 18.04.2017 ж. сағат 11:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74-ші үй.

Күн тәртібіне енген мәселелер:

 

1. Қоғамның акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысын шақыру және акционерлердің жылдық Жалпы жиналысына күн тәртібін қалыптастыру туралы.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР:

1. Қоғамның акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысы 2017 жылғы 30 мамырда төмендегі күн тәртібімен шақырылсын:

«1. Қоғамның 2016 жыл бойынша жылдық қаржы есептемесін бекіту жөнінде.

2. Қоғамның 2016 жыл бойынша таза табысын бөлу тәртібін бекіту, Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері жөнінде.

3. 2017 жылда және 2017 жыл бойынша қаржы есептемесі аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.

4. Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдануы және оларды қарау қорытындылары туралы.

5. Қоғамның Директорлар кеңесі және Басқармасы мүшелеріне 2016 жылдағы сыйақы құрамы мен мөлшері туралы».

2.Көрсетілген жиналысты келесі мекенжай бойынша өткізу: Алматы қ., Абай даң., 68/74, 4-ші қабат, Қоғамның конференц-залы.

Көрсетілген жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылғы 16 мамырда алматы уақытымен сағат 00.00-гі жағдай бойынша жасалсын.

Көрсетілген жиналыс алматы уақытымен сағат 09.00-де басталсын.

Көрсетілген жиналыстың қатысушыларын тіркеу 2017 жылғы 30 мамырда алматы уақытымен сағат 08.00-де басталсын.

Көрсетілген жиналыстың кворумы болмаған жағдайда, Қоғамның акционерлерінің қайталанған кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылғы 31 мамырда алматы уақытымен сағат 09.00-де өтпей қалған жиналыстың белгіленген орнында, осындай жиналыстың қатысушыларын тіркеуді 2017 жылғы 31 мамырда алматы уақытымен 08.00-де бастау арқылы, өткізіледі деп белгіленсін».

ӨЗГЕ ШЕШІМДЕР:

Жоқ.

Жан-жақты ақпарат алу үшін келесі мекен-жайға хабарласуды өтінеміз: Алматы қ., Абай даңғылы 68/74. Телефон: +7 (727) 2505-760, 2505-761