Курс иностранных валют

11 октября 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

«ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ акционерлеріне

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама.

«ForteLeasing» (ФортеЛизинг) акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) (Қоғам Басқармасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Абай д-лы, 68/74) өз акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасымен Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу  туралы хабарлайды.

Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2015 жылғы 29 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де Алматы қ., Абай д-лы, 68/74, 2-ші қабат, Қоғамның конференц-залында өтеді.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 29 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 09.00-де жиналыс өтетін жерде жүзеге асырылады.

Кворум болмаған жағдайда, жиналыс 2015 жылғы 30 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де Алматы қ., Абай д-лы, 68/74, 2-ші қабат, Қоғамның конференц-залында қайтадан өтетін болады.

Қайталама жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 30 мамырда алматы уақыты бойынша сағат 09.00-де жиналыс өтетін жерде жүзеге асырылады.

Жиналысқа қатысуға құқы бар акционерлердің тізімі 2015 жылғы 15 мамырдағы алматы уақытымен сағат 00.00 жағдай бойынша жасалады.

Жиналыстың күн тәртібі

1.      Қоғамның 2014 жыл бойынша жылдық қаржы есептемесін бекіту жөнінде.

2.      Қоғамның 2014 жыл бойынша таза табысын бөлу тәртібін бекіту, Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері жөнінде.

3.      2015 жылда және 2015 жыл бойынша қаржы есептемесі аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.

4.      Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдануы және  оларды қарау қорытындылары туралы.

5.      Қоғамның Директорлар кеңесі және Басқармасы мүшелеріне 2014 жылдағы сыйақы құрамы мен мөлшері туралы.

Жиналыс материалдарымен Қоғам акционерлері Алматы қ., Абай д-лы, 68/74 мекен-жайы бойынша, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мерзімде және тәртіпте таныса алады.

Анықтама телефоны: +7 727 258 40 40 (ішкі нөмірі 52727).