Курс иностранных валют

24 апреля 2024

USD

420

KZT

EUR

493

KZT

RUB

5

KZT

«Темiрлизинг» АҚ акционерлеріне

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама.

«Темiрлизинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) (Қоғам Басқармасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Абай д-лы, 68/74) акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) өткізетіні туралы хабарлайды.

Жиналыс 2015 жылғы 12 қаңтарда алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де Алматы қ., Абай д-лы, 68/74, 2-ші қабат, Қоғамның конференц-залында өтеді.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 12 қаңтарда алматы уақыты бойынша сағат 09.00-де жиналыс өтетін жерде жүзеге асырылады.

Кворум болмаған жағдайда, жиналыс 2015 жылғы 13 қаңтарда алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де Алматы қ., Абай д-лы, 68/74, 2-ші қабат, Қоғамның конференц-залында қайтадан өтетін болады.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 13 қаңтарда алматы уақыты бойынша сағат 09.00-де жиналыс өтетін жерде жүзеге асырылады.

Жиналысқа қатысуға құқы бар акционерлердің тізімі 2014 жылғы 25 желтоқсандағы алматы уақытымен сағат 00.00 жағдай бойынша жасалады.

Жиналыстың күн тәртібі

  1. Қоғам Директорлар кеңесінің құрам санын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы мөлшерін анықтау.
  2. Қоғамның атауын өзгерту туралы.

Жиналыс материалдарымен Қоғам акционерлері Алматы қ., Абай д-лы, 68/74, 411 кабинет мекен-жайы бойынша, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мерзімде және тәртіпте таныса алады.

Анықтама телефоны: +7 727 259 65 12.

* * *

Жиналыстың күн тәртібіндегі «Қоғам Директорлар кеңесінің құрам санын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы мөлшерін анықтау» мәселесіне сәйкес Қоғамға Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидатуралар ұсынуды сұраймыз.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылатын кандидаттар туралы ақпаратта:

  1. тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша – әкесінің аты;
  2. білімі туралы мәлімет;
  3. Қоғамға аффилиирленгендігі туралы мәлімет;
  4. соңғы үш жылда істеген жұмыстары және лауазымдары;
  5. кандидаттың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге ақпарат.